Қуандық Рахым - Бақытсыздау бақыттымыз

Қуандық Рахым - Бақытсыздау бақыттымыз

Кездесіп сол көктемде
Сағыныш кернеп кеуде
Сарғайдым-ау сен кеткенде
Бағымызға күз келді
Жапырақтар біздерді
Көміп тастап іздерді
Алдаған арманымсың,
Енді өзге жанға гүлсің

[Қайырмасы]
Бақытты едік біздер неткен
Күрсініс ай күзбен жеткен
Өмір осы жаным
Алмасатын күз бен көктем.
Ұрласада бақытты күз
Қайтарайық уақытты біз
Біз екеуміз жаным
Бақытсыздау бақыттымыз

Саған ұя жүрегім
Сол ұяда гүл едің
Өткенімсің енді менің
Махаббатқа шөлдеткен
Оралмайды ол көктем
Көздің жасын көлдетпе
Оралмас шақтарымсың
Енді өзге баққа гүлсің

Категория: Тексты песен | Добавил: adil-110892 (10.09.2017)
Просмотров: 370 | Теги: Қуандық, Бақыттымыз, Рахым, Бақытсыздау | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0