Нурболат Абдуллин - Сен ози адам емес ...

Сен өзі адам емес арайсың,
Күн көзінен шуақ болып тарайсың,
Сәл нәрсеге жас балаша қуанып,
Сәл нәрсеге шын көңілмен қарайсың!

Сен өзі адам емес Күн,Айсың,
Бір сөзіңмен бүкіл әлем құрайсың,
Сәл нәрседен көрместей боп түңіліп,
Сәл нәрседен көңілің қалып жылайсың!

Қ-сы:
Жаның әппақ, ақ жүрекпен гүл екші,
Ақ ниетің әрбір жанға тілекші,
Сәл нәрсеге күйіп,сыздап,жанатын,
Сен өзі адам емес, жүрексің!!!

Сен өзі адам емес, сезімсің,
Сезіміңді аша бермес төзімсің.
барлық адам шын сезімге езілсін,
Езілсінде бос сезімнен безінсін.

Категория: Тексты песен | Добавил: adil-110892 (10.09.2017)
Просмотров: 444 | Теги: емес, Абдуллин, Нурболат, сен, адам | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0