Қуандық Рахым & Қарлығаш Биғазықызы - Қоштасу

1) Сен де кеттің басқаға,
 Мен де кеттім,
Арқалап ап сен бөлек, мен бөлек мұң. 
Сен басқамен емдейсің жан жараңды, 
Мен басқамен жарамды емдемекпін.

 [Қайырмасы]
Өшкен үміт жалт етіп жанбас тағы, 
Шырқатылмас сезімнің алғашқы әні. 
Сен басқаны ойлайсың бұдан былай, 
Бұдан былай ойлаймын мен басқаны. 

2) Өткен күндер ғажайып ертек екен,
Ертек күннің ғұмыры келте ме екен?
Сен басқаға жаным деп еркелейсің,
Мен басқаны жаным деп еркелетем.

[Қайырмасы]
Өшкен үміт жалт етіп жанбас тағы, 
Шырқатылмас сезімнің алғашқы әні. 
Сен басқаны ойлайсың бұдан былай, 
Бұдан былай ойлаймын мен басқаны. 

3) Сынарысын сен басқаның 
Шырағысын сен басқаның 
Қош аман бол қонбас бағым 
Қайта айналып қолыма 

[Қайырмасы]
Өшкен үміт жалт етіп жанбас тағы, 
Шырқатылмас сезімнің алғашқы әні. 
Сен басқаны ойлайсың бұдан былай, 
Бұдан былай ойлаймын мен басқаны.



Источник: http://livemuz.kz/songs/0-0-0-2404-20
Категория: Тексты песен | Добавил: adil-110892 (17.09.2017)
Просмотров: 472 | Теги: қоштасу, Қуандық, ҚАРЛЫҒАШ, Биғазықызы, Рахым | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0